Кабулда шетелдіктер тұратын қонақүйге шабуыл

Қарулы шабуылда 14 адам қаза тапты. Олардың 9-ы шетел азаматы.

274495
Кабулда шетелдіктер тұратын қонақүйге шабуыл

Ауғанстанның астанасы Кабулда шетелдіктер тұратын қонақүйге шабуыл жасалды.


Қарулы шабуылда 14 адам қаза тапты. Олардың 9-ы шетел азаматы.


Шабуылдан кейін операция жасаған ауған полициясы 54 азаматты құтқарды. Операция барысында шабуылдаушылардың екеуі өлтірілді.


АҚШ-тың Кабулдағы елшілігі шабуылда бір АҚШ азаматының қаза тапқанын хабарлады.


Үндістан елшілігі де кейбір Үндістан азаматтарының қаза тапқанын білдірді, бірақ санын айтпады.


Шетелдіктер көп тұратын қонақүйде концертке байланысты шабуыл болған кезде адам көп екен.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар