Түркия Непалға көңіл айтты

Жер сілкінісі топырақ көшкіндеріне жол ашты.

272846
Түркия Непалға көңіл айтты

Непалдағы екінші жер сілкінісінде алпыстан астан адам қаза тапты.


Непалда сейсенбі күні болған 7,4 балдық жер сілкінісінде қаза тапқан саны 60-тан асты, 1100-ден астам жарақат алды.
Жер сілкінісінен кейін дүмпулер жалғасуда.


Топырақ көшкініне жол ашқан және ғимараттарды қиратқан жер сілкінісінен кейін құтқару жұмыстары жүріп жатыр.


Шығынның көбі Намче Базар аймағында. Құтқару тікұшақтары көшкін болған таулы аймақтарға жіберілді.


Непалдағы сілкініс Үндістанның бас қаласы Жаңа Дели мен Бангладештен де сезілді. Үндістанда 17 адам қаза тапты.


Непалда 25 сәуір күнгі жер сілкінісінде 8150-ден астам адам қаза тауып, 17 мың 800-ден астам адам жараланған болатын.


ТүркияНепал мен Үндістанға көңіл айтты. Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында «Зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жеткізу үшін ұйымдарымыз дайын» деп айтылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар