АҚШ мемлекеттік хатшысы Ресейде байланыстар жүргізді

Джон Керри Ресей президенті Владимир Путин және Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бас қосты.

272325
АҚШ мемлекеттік хатшысы Ресейде байланыстар жүргізді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри болымды өткен жиналыстың артынан твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде ‘Путин және Лавровпен Иран, Сирия және Украина сияқты маңызды тақырыптарда кездесулер өткізгенін’ атап көрсетті.
Керри сондай-ақ Америка Құрама Штаттары мен Ресейдің жедел түрде қолға алуға тиісті жаһандық мәселелерге қатысты екі ел арасындағы байланыстың үзілмеу керектігін атап айтты.
Керри әріптесі Сергей Лавровпен кездескен соң жасаған мәлімдемесінде болса «тараптардың келісе алмаған мәселелерде бір-бірін одан жақсы түсіну мүмкіншілігі бар екенін» атап айтты.
Лавров болса Керриге Украина дағдарысында орыс тарапының 12 ақпан күнгі Минск келісіміне бағынғанын атап, атазаңы реформасының Украинада тұрақты бейбітшіліктің алғы шарты екенін атап көрсетті.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің кездесудің артынан Сирия тақырыбында жасаған мәлімдемесінде «Тараптар Сириямен байланысты Дамаск әкімшілігі мен оппозициялық өкілдер арасында ауқымды бір саяси келіссөз бастау тақырыбы жөнінде талпыныстардың жалғастырылуының қажеттігін қайталады» делінді.
АҚШ пен Ресей Украина дағдарысы басталған 2013 жылдан бері жоғары деңгейдегі келіссөздерде кезкелген бір нәтиже шықпады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар