Куманово шабуылында 22 адам қаза тапты

Қақтығыста 8 полиция қайтыс болса, 37 полиция қызметкері жараланды.

269954
Куманово шабуылында 22 адам қаза тапты

Македонияның солтүстігінде албандар шоғырланған Куманово қалашығында болған шабуылда қаза тапқандардың саны 22-ге көтерілді.
Қақтығыста 8 полиция қайтыс болса, 37 полиция қызметкері жараланды.
Македония билігі Кумановоға шабуыл жасаған топтың ішінде бес Косово тұрғындары болғанын хабарлады. Сондай-ақ полиция олардың бұрын өз аймағының тәуелсіздігі үшін күрескен Косово азаттық армиясының мүшелері болғанын мәлімдеді.
НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Македонияда болған қақтығыстарға байланысты барлық тараптарды ұстамдылыққа шақырды. Ол сондай-ақ елдің ресми органдарына оқиғаға байланысты тергеу жүргізуін өтінді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар