Месут Барзани Вашингтонда Байденмен екінші рет бас қосты

Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі басшысы Месут Барзани Вашингтонда байланыстарын жалғастыруда.

265210
Месут Барзани Вашингтонда Байденмен екінші рет бас қосты

Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі басшысы Месут Барзани Вашингтон байланыстары аясында президент орынбасары Джо Байденмен екінші рет бас қосты.
Байден Барзаниді Америка Құрама Штаттары президент орынбасарының ғимараты ретінде қолданылған Флот бақылау орталығындағы азанғы қонақасыда күтті.
Кездесуде ИШИМ-мен күрес ең маңызды күн тәртіпті құрады.
Байден «АҚШ-тың әскери, саяси, экономикалық және гуманитарлық жұмыстарды қамтыған ауқымды күрес әдісімен ИШИМ-ді әлсіретіп, ақырында жою үшін жаһандық коалиция және Ирак халымен бірге жұмыстану ниетін» қайталады.
Кездесуде Ирак үкіметімен толық ынтымақтастық жүргізіп, күрд пешмергелерге бағытталған АҚШ қауіпсіздік жәрдемдері де қолға алынды.
Кездесудің артынан жасалған мәлімдемеде «Байден мен Барзани Ирак үкіметінің ұлттық бағдарламасындағы маңызды тақырыптарда алға жылжу үшін Бағдат пен Эрбил арасында жақын координация жүргізудің шарт екені туралы ортақ көзқарас білдірді» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар