Непалдағы жер сілкіністің соңғы ахуалы
Жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 6621-ге жетті.
Непалдың астанасы Катманду маңында 25 сәуірде 7.8 балдық жер сілкінісі таңертең болған еді. Осы таңға дейін жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 6621-ге жеткен. Жарақат алғандар саны болса 14 000. Сонымен қатар зілзала салдарынан мыңдаған еуропалық азамат із-түзсіз жоғалып кеткен. Непал Ішкі істер министрлігі зілзалада мөлшермен 160 мыңға тарта үйдің күйрегенін мәлімдеді.
Шалғай әрі қатынау қиын аудандардағы мыңдаған адамның тағдыры әзірге белгісіз болып қала бермек. Непал билігі опат болғандардың саны 10 мыңнан асып түсуі мүмкін екенін ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
![Ресейде көпқабатты тұрғын үй өртенді: 8 адам қаза тапты](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/70c1/8ff7/2e34/57c16f184935a.jpg?time=1719303780)
Ресейде көпқабатты тұрғын үй өртенді: 8 адам қаза тапты
Ресейдің Фрязино қаласында ғимаратта шыққан өрттен 8 адам қаза тапты.
![Газалық 1 миллионнан астам бала дұрыс тамақтанбауда](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/00c9/1f10/680a/666ec30e82445.jpg?time=1719303780)
Газалық 1 миллионнан астам бала дұрыс тамақтанбауда
Исмаил әл-Савабит «Бір миллионнан астам бала дұрыс тамақтанбау қаупінде» деді.