Швеция «1915 жылғы оқиғалар» шешімін кейінге қалдырды

Тақырыпты тарихшылардан тұратын тәуелсіз комитет қолға алады.

254952
Швеция «1915 жылғы оқиғалар» шешімін кейінге қалдырды

Швеция «1915 жылғы оқиғалар» шешімін кейінге қалдырды.


Швеция үкіметі 1915 жылғы оқиғаларға байланысты армян айыптаулары және ассириялықтар (Суряни – Түркия жерінде тұратын христиан қауым) жөнінде 2010 жылы парламентте қабылданған шешімді атқаруды кейінге қалдырды. Хабарға қарағанда, үкімет тақырыпқа байланысты тәуелсіз комитеттің зерттеу нәтижесінде қозғалатын болады.


Анадолы агенттігі хабарлағандай, Швеция Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Эрик Боман премьер-министр Стефан Ловфеннің сөздерін еске салып, «1915 жылғы оқиғалар тәуелсіз комитет тарапынан зерттеледі, артынан осының қорытындысына қарай қозғаламыз» деді.


100 жыл бұрын болған бір трагедия үшін зерттеу жүргізілместен парламент шешімі арқылы бір елді «қырғын жасады» деп айыптауға болмайтынын айтқан Боман тақырыпты маман тарихшылардың қолға алатынын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар