Керри мен Зариф БҰҰ жалпы кеңесінде үндеу тастады

АҚШ пен Ресей әлемдегі атомдық қарулардың 90 пайызына ие

253381
Керри мен Зариф БҰҰ жалпы кеңесінде үндеу тастады

Атомдық қарусыздандырудың таралуын тосу келісімінің жылдық конференциясы Нью-Йоркта басталды.
Конференция аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Иран әріптесі Мұхаммед Жевад Зариф Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпы кеңесінде үндеу тастады.
Керри Иранмен жүргізілген атомдық келіссөздерде кейбір негізгі тақырыптардың әлі шешілмегенін, алайда нақтылы бір келісімге бұрынғыдан тіпті жақын екенін айтты.
Әлемдегі атомдық қарулардың 90 пайыздан көбіне АҚШ пен Ресейдің ие болғанына назар аударған Керри Вашингтонның атомдық қару қоймаларын жоғалту жөнінде маңызды жұмыстар істегенін білдірді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Жевад Зариф те атомдық қаруға ие барлық елдерді заманауи әдіс қолданудан бас тартуға шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар