Асад күштері баррель бомбасымен шабуылдады

Джиср эш-Шуғур ауданына жасалған шабуылда 30 адам қаза тапты.

250880
Асад күштері баррель бомбасымен шабуылдады

Сирияда режим күштерінің Джиср эш-Шуғур ауданына баррель бомбаларымен жасалған шабуылда араларында әйел мен балалар да бар 30 адам қаза тапты.
Сирия Жалпы төңкеріс кеңесінен жасалған мәлімдемеге қарағанда оппозицияның бақылауындағы аудан нысанаға алынған шабуылда ондаған адам да жарақат алды.
Режим күштерінің аймақта химиялық қару қолданғаны да алға тартылды.
Идлибтің батысында стратегиялық маңызға ие Джиср эш-Шуғур ауданы қарқынды қақтығыстардың артынан оппозицияның бақылауына өткен болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар