Йемендегі коалиция Иранға ескерту жасады

Хоуситтерге бағытталған «Табандылық бораны» операциясы жалғасуда.

232942
Йемендегі коалиция Иранға ескерту жасады

Йеменде хоуситтерге бағытталған «Табандылық бораны» операциясын бастаған Араб мемлекеттері мен Иран арасындағы дағдарыс жалғасуда.
Иранның Баб-эл-Мандеб бұғазына флот жіберуі наразылықты арттырды.
Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция мәлімдемешісі генерал-лейтенант Ахмед Асири Йемен су айдыны мен әуе кеңістігінің коалицияның бақылауында екенін атап көрсетті.
Асири «Иран флотынан хоуситтерге қару немесе жәрдем берілген жағдайда коалицияның қарсылықты беру құқы болады» деді.
Басқа жағынан коалиция күштеріне қосылған Мысыр жойғыш ұшақтары Адендегі хоусит нысаналарын бомбалады.
Хоуситтердің Муалла мен Хадид тауларындағы нысаналары коалиция теңіз күштері тарапынан бомбаланды.
Адендегі Йемен президенті Абдурраби Мансур Хадиді жақтаған 4-ші Әскери аймақтық қолбасшылығы хоуситтерге «берілу» үшін 3 күн уақыт берді.
Басқа жағынан Қызыл Крест ұйымы жіберген 16 тонна медициналық жәрдем материалдарының Санаға ұласқаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар