Нигерияда Боко Харам ұйымымен күрес жалғасуда

Нигерия армиясы Борно уәлаятына қарасты Алагарно аймағын Боко Харам ұйымынан кері қайтарды.

231216
Нигерияда Боко Харам ұйымымен күрес жалғасуда

Армия мәлімдемешісі Сани Усман әуе және құрлық күштері тарапынан жасалған операциямен аймақтың толығымен Боко Харам содырларынан тазартылғанын атап айтты.
Аталмыш аймақта террористтер тарапынан қолданылған компьютер мен қарулардың қолға түсірілгенін атап айтқан Усман операцияларда қаза тапқан немесе жарақат алғандар жайлы мәлімет бермеді.
БҰҰ-на қарағанда Нигерияда Боко Харам өткен жылдан бері жасаған шабуылдарында 7 мың 300-ден астам жазықсыз адам қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар