Украинада миналы шабуыл

Ресей жақтастарының опасыз шабуылында 6 әскер қаза тапты.

227172
Украинада миналы шабуыл

Украинаның шығысында Ресей жақтастары армия жасақтарына шабуылдап, алты әскер қаза тапты.


Шабуылда 15 ақпан күнгі Минск бітіміне орай майдан желісінен шығарылуы керек ауыр қарулар да қолданылды.


Шабуылдардың біріншісі Мариупольдің Широкино ауданы маңында болды. Украина әскерлерінің көлігі жолдан өтіп бара жатқанда, жерге төселген мина жарылып, екі әскер қаза болды. Әскерлердің бірі жарақат алды.


Лугансктағы Северный Донецк өзені үстіндегі көпірге орналастырылған алыстан басқарылатын бомба жарылып, әскери көліктердегі 4 әскер қаза болды.
Украина армиясы болса бітімге бағынып, қарсы шабуыл жасамады.


Сонымен қатар, өткен жылы бас қала Киевтегі оқиғаларға қатысқан радикал ұйымдардың бірі «Оң сектордың» басшысы, депутат Дмитрий Ярош Украина Штаб-пәтері төрағасының орынбасары ретінде тағайындалды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар