Сириядағы соңғы әуе шабуылдарында 104 адам қаза тапты

Фатх армиясы Асад күштері кері шегінген казармаға шабуылдауда.

228054
Сириядағы соңғы әуе шабуылдарында 104 адам қаза тапты

Сирияда Идлиб қала орталығы бақылауынан шыққан Асад күштерінің оппозицияның қолындағы аймақтарды қолға түсіру үшін бастаған әуе шабуылдарында 104 адамның қаза тапқаны, ондаған адамның жараланғаны білдірілді.
Орталығы Лондон болған Сирия Адам құқықтары ұйымы (SNHR), қауіпсіздік күштерінің Дамаскты жойғыш ұшақтар және танктармен бомбалауы нәтижесінде 76 адамның қаза тауып, ондаған адамның жарақат алғанын жариялады.
Ұйым ел көлемінде ұйымдастырылған операцияларда болса Дерада 10, Хомус пен Идлибте 6-дан, Халепте 5 және Дейр-уз Зор қаласында 1 барлығы 104 адам қаза тапқанын мәлімдеді.
Оппозициялық одақ ретінде Фатх армиясына қарасты күштердің болса Идлибтен шегінуге мәжбүр қалған Асад күштеріне қарсы операцияларын жалғастыруда.
Оппозиционерлер режим күштері кері шегінген Мастума ауылындағы казармаға ауыр қарулармен шабуылдауда.
«Фатх армиясы» 28 наурыз күні Идлибтің бақылауын толығымен қамтамасыз еткендерін жариялаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар