Меркель Украина премьер-министрі Яценюкпен бас қосты

Германия канцлері Ангела Меркель Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен де әңгімелесті.

222124
Меркель Украина премьер-министрі Яценюкпен бас қосты

Германия канцлері Ангела Меркель Берлинде Украина премьер-министрі Арсений Яценюк және Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті.
Меркель Украина премьер-министрі Яценюкпен кездесуінің артынан ортақ баспасөз жиналысы ұйымдастырып, Украинаға экономикалық қолдаудың жалғасатынын атап көрсетті.
Украинаның шығысында орыс жікшілдердің 15 ақпан күні қол қойылған атысты тоқтату келісіміне бағынбағанын атап айтқан Меркель «Атысты тоқтатудың толық іске қосылып, ауыр қаруларды аймақтан кері шегу керек» деді.
Меркел осы аймақта сайлау өткізу керектігін атап, мұның қарулардың көлеңкесінде мүмкін еместігін білдірді.
Германия премьер-министрі Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен де әңгімелесті.
Меркель Қырғызстанның Еуразия Экономикалық Одағы мүшелігі жайлы әрі Еуропа мен әрі Ресеймен ынтымақтастық жасаудың мүмкін екенін атап көрсетті.
Президент Атамбаев болса елінің Германия және басқа Еуроодақ елдерімен жақсы ынтымақтастыққа ие екенін айтты.
Атамбаев үлкен және біріккен бір Еуропа шекарасының Лиссабоннан Владивостокқа дейін болу керектігін алға тартып «Еуропада жайылу жалғасын табуға тиісті. Біздің де Еуропаға баруымыз керек. Үлкен бір Еуропада қақтығыс болмағаны орынды» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар