Кеше түнде Йеменге ауқымды әуе шабуылы жасалды

Араб коалициясы Йеменнің астанасы Санаға бағытталған ең қарқынды әуе шабуылын кеше жасады.

291184
Кеше түнде Йеменге ауқымды әуе шабуылы жасалды

Оңтүстіктегі Аден қаласында зымыран шабуылдарының салдарынан 40 адам қаза тапты.
Йеменнің батысындағы Хубейде қаласында бір қатық зауытында шыққан өрттің салдарынан да 37 адам қаза тапты, 17 адам жараланды.
Кейбір куәгерлер өртке хоуситтерге «Тұрақтылық операциясы» аясында бағытталған бомбалы шабуылда шашыраған шрапнельдердің себеп болғанын, кейбірлері болса хоуситтердің бақылауындағы Хубейде әуежайынан келген бір танк оғының зауытқа құлағанын алға тартты.
Басқа жағынан хоуситтердің Дали қаласын бомбалаудан бас тартқан 7 әскерді өлтірді.
Хоуситтер үшін стратегиялық маңызға ие Баб-эль-Мандеб бұғазы маңындағы Таиз қаласына қару-жарақ әкелуі және ұшақ қағар батареяларын орналастыруы себепті халық аймақтан кете бастады.
7 түннен бері әуе шабулы жасаған Сауд жойғыш ұшақтары шабуылдарын күндіз де жасай бастады.
Астана Сана, Саади және Майди қалаларында хоуситтерге қолдау берген Йемен армиясына тиесілі әскери базалар бомбаланды.
Хоуситтер болса Қызыл теңізді Үнді мұхитіне байланыстырған стратегиялық маңызға ие Баб-эль-Мандеб бұғазында жағалау базасын қолға түсірді.
Басқа жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымы сауд жойғыш ұшақтарының алдынғы күні Мазрак босқын лагерін бомбалауын «Халықаралық құқықтың тапталуы» ретінде бағаландырды.
БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешісі Фархан Хак «Йемендегі БҰҰ өкіліміз, барлық тараптарды халықаралық заңдар мен адам құқықтарын құрметтеуге шақырады» деді.
Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда 40, Әлем денсаулық сақтау ұйымына қарағанда 29 адам қаза тапқан шабуылда әлі үйінділер астынан шығарыла алмағандардың мәйіттері бар.
БҰҰ Балаларға жәрдем қоры UNICEF, Йеменде өткен аптадан бері 62 баланың қаза тапқанын, 30 баланың да жарақат алғанын жариялады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар