ИШИМ-мен күрес бар күшімен жалғасуда

Ирактың Тикрит қаласын ИШИМ-нен кері қайтару үшін басталған ауқымды операция жалғасуда.

286428
ИШИМ-мен күрес бар күшімен жалғасуда

Құрлық операцияларында Ирак жасақтары оңтүстік Шишин аймағы мен солтүстіктегі Эл-Дор ауданынан Тикрит орталығына қарай жылжуда.
Тикритте қақтығыстар шоғырланып жатқанда, Иран қолдау берген қарулы 20 мыңдай шиіт топтың шегінуінің артынан АҚШ басшылығындағы коалиция күштері әуе шабуылдарын арттырды.
Соңғы 24 сағаттың ішінде 8-і Тикриттегі ИШИМ бекіністеріне, қалғаны Ирак пен Сирияға барлығы 18 әуе шабуылы ұйымдастырылды.
Ирактың 11 қақтығыс пунктінде бомба орналастырылған көліктер жойылды.
Ирактың Әл-Фаллудже, Мосул, Телафар, Рутба және бейжи қалалары да нысанаға алынған жерлер арасында еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар