Йеменде коалиция күштерінің әуе шабуылы жалғасуда

Йеменде қару-жарақ қоймасында жарылыс болды.

286403
Йеменде коалиция күштерінің әуе шабуылы жалғасуда

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштерінің «Тұрақтылық дауылы» атты  Хусилерге бағытталған Йемендегі әуе операциясы жалғасуда.
Операция барысында Сана әуежайының бомбаланғаны, 15 Хуси мүшесінің өлтірілгені және Хусилердің қолындағы Скуд зымырандарының да нысанаға алынғаны білдірілді.
Сауд Арабиясы әскери лауазымдылары ғарыштан түсірілген фотосуреттерден Хусилердің қолында көптеген скуд зымыраны бар екені және елдің солтүстік аймақтарына зымырандар орналастырылғанын байқағандарын атап көрсетті.
Әуе шабуылдарында қазірге дейін 68 адамның қаза тапқаны, 452 адамның да жарақат алғаны білдірілді.
Аденде армияға тиесілі үлкен бір қару-жарақ қоймасында жарылыс болғаны және көптеген адамның да жараланғаны атап көрсетілді.
Әуе шабуылдары бар күшімен жалғасып жатқанда, құрлық операциясының да күн тәртіпте екені білдірілді.
Шығанақ елдері Хусилердің бейбітшілік үшін маңызды бір қауіп екені жайлы ортақ көзқараста.
Мысырдың Шарм эл-Шейх қаласында жиналған Араб Одағы басшылары Хусилердің тез арада қару тастауын және бақылауға алғандары елді-мекендерден шегінуін талап етті.
Саммитте Сауд Арабиясы королі Селман операцияның толық бір бейбіт және қауіпсіз орта қамтамасыз етілмейінше тоқтамайтынын атап айтты.
Хусилерге қолдау берумен айыпталған Ираннан да қызуды арттыратын бір мәлімдеме келді.
Иран Мәжілісі Ұлттық қауіпсіздік және Сыртқы саясат комиссиясы басшысы Алааддин Буружерди Сауд Арабиясының Иранды қорқыта алмайтындай кіші бір ел екенін атап айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар