Ауғанстанда қарулы шабуыл: 13 өлі

Газнеде футбол көгалында ойнап жүрген балалар да қаза тапты.

278932
Ауғанстанда қарулы шабуыл: 13 өлі

Ауғанстанда қарулы шабуыл: 13 өлі


Ауғанстанның Вардак қаласында кім екені белгісіз адамдар қарулы шабуыл ұйымдастырып, 13 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың бірі әйел.


Кабулдан Газне қаласына бара жатқан автобусқа Вардак қаласы территориясында қарулы шабуыл жасалды.


Шабуылда бірі бала, барлығы екі адам жарақат алды.


Сонымен қатар Газне қаласының Казе Кала аймағында бір велосипедке орналастырылған бомба футбол көгалында жарылып, бес бала қаза тапты. Көптеген адам жараланды.


Жарылыста қаза болған балалардың жастары 10 мен 15 жас аралығында.


Талибан ұйымы ауған армиясының зымыранының футбол көгалына келіп түскенін алға тартты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар