Саркисян Түркия жайлы мәлімдемесі

Халықаралық Медиа форумында сөз алған Серж Саркисян Түркия мен Армения ынтымақтастығына тоқталды.

272162
Саркисян Түркия жайлы мәлімдемесі

Армения президенті СержСаркисян 2009 қол қойылған және 2010 жылы тоқтатқан Армения-Түркия хаттамаларын парламенттен шегуінің Түркиямен келіссөз есіктерін жапқандары деген мағынаға келмегенін айтты.
Астана Ереванда ұйымдастырылған Халықаралық Медиа форумында сөз алған Серж Саркисян Түркия мен Армения арасындағы ынтымақтастыққа тоқталды.
Саркисян «Аталмыш хаттамаларды Түркия жүргізген саясат себепті іске асуы мүмкін емес болғандықтан кері шектік. Күткен нәтижеге қол жеткізе алмадық және осы тақырыпта кімнің күнәлі екенін барша біледі. Дегенмен бұл Түркиямен келіссөз есігін жапқанымыз деген мағынаға келмейді. Басқа жағынан үшінші бір елдің жасампаз болмаған ұстанымына құрбан болатын бір кезеңге қосылмаймыз» деді.
Президент Саркисян 16 ақпан күні «Армения және Түркия арасында дипломатиялық ынтымақтастық құру туралы хаттама» мен «Армения және Түркия арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру хаттамасын» парламенттен кері шеккен болатын.
«Армения және Түркия арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру хаттамасында» екі ел арасында «ортақ шекара қақпаларын ашу», «Екі ел сыртқы істер министрлері басшылығында үкімет аралық комиссия мен төменгі комиссиялардың жұмыстану ережелерін министрлер деңгейінде бекіту» және «»үкімет аралық комиссияның тұңғыш жиналысын өткізу» туралы келісім жасалған болатын.
Аталмыш хаттамаларға 2007 жылы Швецияның дәнекерлігінде басталған кезең 2009 жылы 10 қазан күні қол қойылған болатын. Екі жақты ынтымақтастықтың реттелуі аясында ұсынылған хаттамалар екі елде де бекіту үшін парламенттерге ұсынылған болатын.
Дегенмен Саркисян 2010 жылы 22 сәуір күні хаттамалардың бекіту кезеңін тоқтатқанын жариялаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар