"Бір соғыстан екі ел достығы шықты"

Дарданел жеңісі Австралияда да атап өтілуде.

270547
"Бір соғыстан екі ел достығы шықты"

Дарданел жеңісінің 100 жылдық мерейтойы соғысқа Ұлыбритания қатарында қосылған Австралияда да түрлі шаралармен атап өтілуде.


Бас қала Канберрада өткен «Гелиболудан кейін 100 жыл» атты конференцияны Австралия Қорғаныс министрі Кэвен Эндрюс ашты.


Эндрюс осында сөйлеген сөзінде Мұстафа Кемал Ататүріктің бір соғыстан екі ел арасында бейбітшілік пен достық шығарғанына назар аударды.


Екі күндік конференцияда ғалымдар соғысқа байланысты зерттеулерін түсіндіреді.


Осы тақырыпта басқа бір конференция да Сиднейде өтуде.


Түркияның өкілетті елшілігі де 100 жылдыққа орай қонақасы берді. Қонағасыға сол елдің беделді тұлғалары мен елшілер қатысты.


Биыл алғаш рет өтетін Гелиболу ойындарының алауы да Канберрадағы Соғыс мұражайының алдында жанды.


Гелиболу түбегінде басталатын ойында Түркия, Австралия, Жаңа Зеландия, Франция, Үндістан, Германия және Ұлыбританиядан спортшылар бірнеше спорт түрінде сайысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар