Сирияда 600-ден астам денсаулық сақтау қызметкері өлтірілді

Орталығы Нью-Йоркта болған Адам құқықтарын қорғаушы дәрігерлер ұйымы рапорт жариялады.

259969
Сирияда 600-ден астам денсаулық сақтау қызметкері өлтірілді

Орталығы Нью-Йоркта болған Адам құқықтарын қорғаушы дәрігерлер ұйымы Сирияда денсаулық сақтау қызметкерлеріне бағытталған шабуылдарға қатысты рапорт жариялады.
Рапортқа қарағанда елде 4 жылдан бері жалғасқан ішкі соғыста барлығы 600-ден астам денсаулық сақтау қызметкері арасында 139-ы жәбірлеу немесе өлім жазасымен өлтірілді.
Рапортта армиялар және қарулы топтардың қақтығыстарында денсаулық сақтау қызметкері мен денсаулық сақтау мекемелерін нысанаға алмау ережесінің Сирияда тапталғаны атап көрсетілді.
183 денсаулық сақтау мекемесіне 233 рет мақсатты және аямай шабуыл жасалғаны жазылған рапортта Асад режимінің денсаулық қызметкерлері және мекемелеріне бағытталған жүйелі түрдегі шабуылдарды бір соғыс қару ретінде қолданғанына назар аударылды.
Ұйым аурухана шабуылдарының 88 пайызына, денсаулық қызметкерінің өлтірілуінің 97 пайызына Асад режимінің жауапты екенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар