"АҚШ-та қара нәсілдердің теңдік талаптары толық орындалған емес"

Обама «Канды жексенбі» деп аталған Селма оқиғаларының 50 жылдығын еске алу рәсіміне қатысты.

253172
"АҚШ-та қара нәсілдердің теңдік талаптары толық орындалған емес"

Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама «Канды жексенбі» деп аталған Селма оқиғаларының 50 жылдығы үшін ұйымдастырылған еске алу рәсіміне қатысты.
Обама қара нәсілдердің тепе-тең дауыс беру құқы алу үшін шеруге шыққандарға полиция күш қолданған «Қанды жексенбі» оқиғаларының нәсілшілдікке қарсы басылған маңызды бір қадам екенін атап айтты.
Елде қара нәсілдердің талаптарының әлі толық жүзеге аспағанын атап көрсеткен обама 1960 жылдары бейбітшілік көтерілісін ұйымдастырған қара нәсілді қоғам басшыларының үлгі аларлық бір күрес бастағанын білдірді.
Аталмыш күні қатысқан алғашқы жиналысында да Әділет министрлігінің Фергюсон рапорты жайлы сөз қозғаған Обама елде нәсілшілдікпен күресте қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан әлі көп кемшіліктер бар екенін атап көрсетті.
Обама қара көтерілістің басшысы Мартин Лютер Кингтің Линкольн ескерткішінде жасаған және «бір түсім бар» деп басталған тарихи баяндамасының 50 жылдығына орай 2013 жылы ұйымдастырылған еске алу рәсіміне де қатысқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар