Полиомиелит вакцинасын еккізбеген жанұялар тергеуге алынды

Талибан полиомиелит вакцинасының мұсылман балаларды бедеу қылғанын алға тартып көндіреді.

245750
Полиомиелит вакцинасын еккізбеген жанұялар тергеуге алынды

Пәкістанда балаларына полиомиелит вакцинасын еккізгісі келмеген жанұяларды тергеуге алу шешімі шығарылды.
Пашавар қаласында балаларына вакцина еккізгісі келмеген 471 жанұяның мүшелері тергеуге алынды.
Елдің ауылдық аймақтарындағы жанұялар Талибанның қысымымен балаларына вакцина салынуына қарсы шығуда.
Шетелдік денсаулық қызметкерлерінің тыңшылық жасағаны туралы қауесетті алға тартқан Талибан жанұяларды полиомиелит вакцинасының мұсылман балалардың тұқымын құрытатынына көндіреді.
Пәкістан, Ауғанстан және Нигерияға қоса полиомиелит вирусы кең тараған үш елдің бірі болып табылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар