Төңкерілген басшының дәулеті БҰҰ рапортына енді

Салих 33 жылдық қызметі бойынша 60 миллиард доллар байлық жинаған.

238322
Төңкерілген басшының дәулеті БҰҰ рапортына енді

Төңкерілген басшының дәулеті БҰҰ рапортына енді.


Йеменнің төңкерілген президенті Али Абдуллах Салихтің дәулеті Біріккен Ұлттан Ұйымының рапортына енді. Қауіпсіздік Кеңесінде оқылған рапортта Салих пен екі хуси басшысының істері мен мал-мүліктері жөніндегі деректер орын алды.


Рапортта Салихтің 33 жылдық қызметі бойынша 60 миллиард доллар байлық жинағаны айтылды. 

Бұл көрсеткіш осы елдің жылдық бюджетінен бес есе артық.


Рапортқа қарағанда, Салих осы ақшаның көбін бес іскердің көмегімен кемінде 20 елге трансфер етті.


Али Абдуллах Салих елдегі тәртіпсіздіктерден кейін 2012 жылы міндетін орынбасарына тапсырып, елден кеткен болатын.


БҰҰ елде тұрақсыздыққа себеп болды деген себеппен Салих және екі хуси басшысының дәулеттеріне бұғау салып, оларға саяхатқа шығу тыйымын келтірген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар