Австрия Мәжілісінде "Ислам заң жобасы" қабылданды

Австриядағы Ислам қоғамдары аталмыш заң жобасына наразылық көрсетуде.

238551
Австрия Мәжілісінде "Ислам заң жобасы" қабылданды

Австрияда ұзақ уақыттан бері пікірталас туғызған "Ислам заң жобасы" қабылданды.
Әлеуметтік демократия партиясы мен Австрия Халық партиясының ортақ коалиция үкіметі тарапынан дайындалған жоба Мәжіліс Жалпы Кеңесінде қабылданды.
Заң мұсылмандардың кейбір хақтарын заңдық тұрғыдан қорғаса, наным мен ұйымдастыру еркіндігіне шектеме келтіреді.
Заң жайлы айтылған сындардың басында заң мәтінінде мұсылмандар жайлы күдік туғызушы және айыптаушы сөйлемдер қолданылуы келеді.
Аталмыш сөздер атазаңының әрі бөлшектенушілікке тыйым салынуы, әрі тепе-теңдік ережелеріне қарама-қайшы.
Ислами мекемелерді шетелден қаржыландыруға тыйым салған заңның Түркиядан барған және мешіттерде қызмет еткен 65 имамға да кері әсер ететіні атап көрсетіледі.
Өйткені аталмыш заңға қарағанда шетелден жіберілген имамдар бір жылдың ішінде елден кетуге мәжбүр. Басқа жағынан бұл бап басқа діндердің өкілдерін қамтымайды.
Заңға қарағанда Министрлер кеңесіне қазіргі Ислам жамағаттарын тану немесе тарқату жауапкершілігі жүктелген.
Австриядағы мешіттерде тек қана елдегі университеттердің Ислам теологиясы білімін алғандарға имамдық жасау үшін рұқсат етіледі. Мешіттердің жамағаттары шетелде білім алған біреуді имам ретінде тағайындай алмайды.
Қоғамдық ережелермен құрылған мешіттер не заңды тұлғаға айналып Ислам жамағаты атындағы мекеменің тармағы болады немесе жабылады.
Ислам қоғамдары тарапынан ұйымдастырылатын іс-шаралар қауіпсіздік себепті кейінге қалдырыла алады.
Австрия Мәжілісі қабылдаған заңдағы болымды баптар болса былай:
Елдегі мұсылмандардың діни күндердегі демалыс күндері заңмен кепілдікке алынады.
Армия, аурухана, түрме және мектептерде халал азық-түлік, дін қызметкерлерімен басқосу және мола таңдау құқына қоса, еркек балаларды сүндетке отырғызу еркіндігі беріледі.
Үкімет жобаға өзгеріс енгізбейтінін және кері қадам баспайтынын жариялады. Исламдық қоғамдар болса заңның күшін жою үшін сотқа шағымданатындарын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар