Болгарияда мүфтилікке шабуыл жасалды

Благоевград аймақтық мүфтилігінің ғимаратына нәсілшіл жазулар жазылды.

229034
Болгарияда мүфтилікке шабуыл жасалды

Болгарияның оңтүстік батысындағы Благоевград аймақтық мүфтилігінің ғимаратына кім екені белгісіз адамдар тарапынан мұсылмандарға қарсы жазулар жазылды.
Аймақтық мүфтилік түн ішінде қара бояумен жазылған жазу үшін шағымданғандарын мәлімдеді.
Блавгоевград аймақтық мүфтиі Айдын Мұхаммед мұндай жаман шабуылдарға жиі ұшырағандарын атап айтты. Мұхаммед мұсылмандардың ғибадатханаларына шабуылдағандардың ұсталса да, жазаға тартылмағанына назар аударды.
Мүфтилік лауазымдылары нәсілшіл топтардың мұсылмандардың ғибадатханаларын нысанаға алған шабуылдарының жүйелі түрде жасалғанына назар аударып, 25 жылдың ішінде 250-ден астам шабуыл жасалғанын атап көрсетті.
Шамамен 7,3 миллион адам саны бар Болгарияда 1,5 миллион мұсылман өмір сүреді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар