Пәкістанда орыс журналист қайтыс болды

Рейтер хабар агенттігінің кеңсе басшысы Мария Головкина Исламабадтағы үйінде өлі күйінде табылды.

229533
Пәкістанда орыс журналист қайтыс болды

Пәкістанда Рейтер хабар агенттігінің кеңсе басшысы Мария Головкина Исламабадтағы үйінде өлі күйінде табылды.


Бұл туралы Пәкістан полиция қызметі хабарлады. Хабарламаға қарағанда, 34 жасар Головкина «жағдайым мәз емес» деп жұмыс орнынан шығып, үйіне кеткен. Бір уақыттан кейін жолдастары оны үйінде талып қалған күйінде көрген.


Исламабадтағы Кулсум ауруханасына жеткізілген, артынан Пәкістан Медициналық білім институтына апарылған Головкинаның қайтыс болғаны білдірілді.


Орыс журналист медициналық криминалдық тексеруден кейін Ресей өкілетті органдарына тапсырылады.


Головкина бес жылдан бері аталмыш агенттіктің Пәкістан және Ауғанстан кеңсе басшылығын атқарып келген еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар