АҚШ Орталық күштер қолбасшысы Ллойд Остин мәлімдеме жасады

Қолбасшы Остин мен Ирак Қорғаныс министрі Халид әл-Убейди басқосты.

228496
АҚШ Орталық күштер қолбасшысы Ллойд Остин мәлімдеме жасады

АҚШ Орталық Күштер қолбасшысы Ллойд Остин халықаралық коалиция күштерінің әуе шабуылдарында Ирак және Сирияда 8 мың 500 ИШИМ мүшесінің өлтірілгенін жариялады.
Американдық қолбасшысы Ирак Қорғаныс министрі Халид әл-Убейдимен басқосты.
Террормен күресте Ирак қауіпсіздік күштеріне оқу-жаттығу және қажеттіліктердің қамтамасыз етілуі үшін одан көп қолдау беру керектігін атап айтқан қолбасшы Остин коалиция күштерінің осы аядағы қолдауының жалғасатынын атап, елдегі қауіпсіздік жағдайының да бұрынғымен салыстырғанда одан жақсы екенін атап көрсетті.
Ирак Мәжіліс төрағасы Селим Джубури болса Остинге Энбар, Салахаддин және Мосулда ИШИМ-нен қайтарылған аймақтарда қауіпсіздік пен халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етудің маңызына назар аударды.
Басқа жағынан Бағдаттың Өнеркәсіп көшесінде жолға орналастырылған жарылғыштың атылуымен 4 адам қаза тапты, 10 адам жараланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар