Террор ұйымы христиан-коптыларды өлтірді

Лаңкестік ұйым мысырлық 21 коптыды өлтірді.

219644
Террор ұйымы христиан-коптыларды өлтірді

Террор ұйымы ИШИМ (ИГИЛ) христиан-коптыларды өлтірді.


Лаңкестік ұйым мысырлық 21 коптыды өлтірді.


Ұйым Ливияда өткен ай алып қашырылған коптылардың өлтірілгенін көрсететін бейне таспа жариялады.


Бірнеше минуттық көріністе қара киім киген террористердің қызғылт сары киім киген бір топ адаммен жағалауда жүріп бара жатқаны көрінеді.


Бір қатар қып тізілген топтың ортасында басқаларынан бөлек киінген бір адам ағылшын тілінде сөйлеп тұр. Артынан тұтқындар айуандықпен өлтіріледі.


Бейне таспада мысырлық христиандар өлтірілген жер ретінде Ливияның ел ордасы Триполи қаласының жағалауы көрсетіледі.


Мысыр Православ шіркеуінің баспасөз хатшысы Поул Халим бейне көріністерінде өлтірілген кісілердің Ливияда алып қашырылған 21 мысырлық христиан-коптыды екенін растады.
Православ шіркеуі өлтірілген кісілердің отбасыларын көңіл айтты.


Осы көріністер жарияланғаннан кейін Мысырда 7 күндік аза жарияланды.


Телеарнаға шығып халыққа үн қатқан Мысыр президенті Абдулфеттах әс Сиси террор ұйымының ісі жөнінде «Мысыр уақыты келгенде мұның жауабын береді» деді.


Көріністер Мысырда болғаны секілді бүкіл әлемде наразылық туғызды. Америка Құрама Штаттары террор ұйымының Мысыр азаматтарын опасыз түрде өлтіруін айыптады.


БҰҰ-дағы Ливия арнайы өкілі Бернардино Леонның Ливия үшін ұлттық бірлік үкіметі үшін көмек беру шақыруын да қолдайтындарын білдірді.


Ливиядағы дипломатиялық қызметін жалғастырып отырған батыстық жалғыз ел Италия да Триполидегі елшілігін жапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар