Эбола вирусымен күрес жалғасуда

Жұқпалы ауру соңғы кезде баяуласа да, Бүкіләлемдік Денсаулық ұйымы ескертуін қайталады.

219933
Эбола вирусымен күрес жалғасуда

Эбола вирусымен күрес жалғасуда.


Жұқпалы ауру соңғы кезде баяуласа да, Бүкіләлемдік Денсаулық ұйымы ескертуін қайталады.


Гвинеяда өткен апта 39 деп тіркелген науқас саны осы апта 65, Сьерра-Леоне де болса 76 деп тіркелді.


Либерияда кездескен оқиға саны осы екі елге қарағанда аз. Елде тіршілік қалыпқа ене бастады. Эпидемия салдарынан 6 ай бұрын тоқтап қалған білім беру жүйесі бүгін қайта жұмыс істей бастады.


Мектепке кірместен бұрын медициналық бақылаудан өткен оқушыларға температураларын өлшеу үшін термометр мен қолдарын тазалау үшін хлор таратылды.


Білім беру министрінің орынбасары сыныптарда 45-50-ден көп бала отырмауына нұсқау берді.


Батыс Африкаға әсер еткен эбола соңғы 14 айда 9 мыңнан адамның өліміне себеп болды.


Жексенбі күні Гвинеяның бас қаласында бас қосқан Гвинея, Сьерра-Леоне және Либерия басшылары эбола эпидемиясын 60 күнде толығымен жоюға шешім қабылдады. Шешімге орай, 15 ақпан күнінен бастап 60 күн ішінде науқас санын жою үшін қолдан келген барлық шара жасалады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар