Иракта әскери база салынады

Эрбиль қаласында АҚШ-тың базасы болады.

215682
Иракта әскери база салынады

Америка Құрама Штаттары Ирактың Эрбиль қаласына әскери база салады.


Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі Пешмерга министрлігінің баспасөз хатшысы Хелгурт Хикмет АҚШ-тың әскери базасы үшін дайындықтардың бар қарқынымен жалғасып жатқанын білдірді.


Аталмыш база ИШИМ лаңкестік ұйымына қарсы қалыптастырылған халықаралық коалицияның әуе операцияларына логистикалық қолдау мақсатты құрылады. Бірақ базаға қашан және қанша ұшақ жіберілетіні әлі белгісіз.


Базаға жіберілетін ұшақтар барлау, бақылау және құтқару жұмыстарын атқаратын болады. Осы базада лаңкестік ұйымға қарсы коалициядағы 60 елдің ұшақтары болады.


Иорданиялық ұшқыш Муаз Касасбенің ұшағы Раккада құлағаннан кейін лаңкестік ұйым тарапынан кепілге алынуынан кейін коалицияға қосылған елдер аймаққа жақын логистикалық және құтқару базалары құрылуын күн тәртібіне келтірген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар