Ауған әйелдер наразылық білдірді.

Кабулда әйел белсенділер жаңа кабинетте әйелдерге орын берілмегеніне қарсы шықты.

209174
Ауған әйелдер наразылық білдірді.

Ауған әйелдер наразылық білдірді.


Ауғанстанның ел ордасы Кабулда әйел белсенділер жаңа кабинетте әйелдерге орын берілмегеніне қарсы шықты.


150 адамдық әйелдер тобы Президенттік сарай маңындағы Чарахи Замбакта жиналды. Олар жаңа кабинетте кемінде 4 әйелминистр болуы керектігін атап көрсетті.


Шеруге қатысқан әйел депутаттар парламентке берілетін кабинет тізімінде әйелдерге төрт орын берілмеген жағдайда сенім даусын бермеуге шақыру тастады.


Депутат Ренгина Каргер «Үкіметтің тізімінде әйелдерге назар аударылуын қалаймыз. Мемлекет басшысы Ашраф Ғани кабинетте төрт әйел министр болады деп уәде берген еді. Осы уәдесін орындауы керек» деді.


Ауғанстан парламенті жаңа кабинет үшін 25 министрдің тек сегізін ғана мақұлдады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар