Күрд топтар Сирияда ИШИМ-ге қарсы жаңа майдан ашуға дайындалады

АҚШ басшылығындағы коалиция күштері дүйсенбі күні Сирия мен Иракта 27 әуе шабулы ұйымдастырды.

208063
Күрд топтар Сирияда ИШИМ-ге қарсы жаңа майдан ашуға дайындалады

Өткен апта Айн әл-Араб ретінде танымал Кобаниде ИШИМ ұйымы мүшелеріне тойтарыс берген күрд топтар ұйымның қолындағы ауылдарды кері қайтара бастады.
АҚШ басшылығындағы коалиция күштері дүйсенбі күні Сирия мен Иракта 27 әуе шабулы ұйымдастырды.
Бұл шабуылдардан 9-ы Кобани мен төңірегіне жасалды.
Обама әкімшілігі 2015 жылы бюджетінде ИШИМ-мен күрес үшін 8,8 миллиард доллар қаржы бөлді.
Бұл қаржының 5,3 миллиард доллары Ирак пен Сириядағы әуе операцияларына жұмсалады, 3,5 миллиард доллары болса Сирия мен Иракта ИШИМ-ге қарсы күрескен топтарға қолдау ретінде бөлінеді.
Басқа жағынан Жаңа Зеландияға сапарлай барған Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Филип Хэммонд бұл елді ИШИМ-мен соғысқа шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар