Италияда президенттік сайлау екінші турға қалды

Кешегі алғашқы дауысқа салудан нәтиже шықпады.

202617
Италияда президенттік сайлау екінші турға қалды

Италияда президенттік сайлау екінші турға қалды.


Міндетінен кеткен президент Наполитаноның орнына келетін тұлғаның анықталуы үшін кешегі алғашқы дауысқа салудан нәтиже шықпады.


Мәжілістегі дауысқа салуда үміткерлердің ешбірі үштен екі көпшілік дауысты жинай алмады.


Бүгін екі тур өткізіледі. Екі турдан да еш нәтиже шықпайтын болса, назар төртінші турға ауады.


Бірінші турда оппозициядағы «5 Жұлдыз» қозғалысының үміткері Фердинандо Импосимато ең көп дауысты жинады.


Көпшілігін биліктегі Демократ партия мүшелері қалыптастырған 538 делегат бос дауыс қолданды.


Сайлауда биліктің ортағы премьер-министр Маттео Ренцидің Демократ партиясының үміткері болса Атазаң соты төрешісі Сержио Маттарелла.


Президенттік жарысқа бұрынғы премьер-министрлерің бірі Романо Проди де қатысуда.


Италияда президент ретінде сайлану үшін Мәжілістегі дауыстардың үштен екісін, яғни 673 дауыс жинау керек.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар