Еуропа кеңесі Ресейдің мүшелігін уақытша тоқтатты

Еуропа Кеңесі Парламентарлар Мәжілісі Ресейдің мүшелігі мен қызметі туралы шешім қабылдады.

201007
Еуропа кеңесі Ресейдің мүшелігін уақытша тоқтатты

Еуропа Кеңесі Парламентарлар Мәжілісі Украинадағы халықаралық заң бұзушылық жалғасқаны себепті Ресейдің өкілдік жасау және дауыс беру құқын уақытша тоқтатты.
Ресей болса Мәжілістегі қызметін ағымдағы жылдың соңына дейін тоқтатуға шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Еуропа Кеңесі Парламентарлар Мәжілісі Қырымды өзіне бағындырғаны себепті Ресей парламенті делегациясының дауыс беру құқын 2014 жылының соңына дейін тоқтатқан еді.
Парламентарлар мәжілісі жаңа бір шешім қабылдап, дауыс беру құқын Украинадағы халықаралық заң бұзушылық жалғасқаны себепті 2015 жылдың сәуір айына дейін ұзартқанын жариялады.
Шешімге қарағанда орыс парламентарлар, мүше мемлекеттердің сайлауларына жіберілген бақылаушы делегация құрамында орын алмайды. Сондай-ақ Мәжіліс атынан басқа елдерде де өкілдік жасай алмайды.
Орыс парламентарлар Мәжіліс төрағасы өздері туралы қабылданған шешімнің Еуропа Кеңесі Парламентарлар Мәжілісі ұйымынан бастартуға итермелегенін және Мәжіліс жұмыстарын жылдың соңына дейін бойкот ететіндерін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар