Лаңкестік ұйым ұшқыш пен журналисті өлтіремін деп қорқытты

Иордания болса тұтқындаулы террористі еркін жіберуге дайын екенін хабарлады.

200018
Лаңкестік ұйым ұшқыш пен журналисті өлтіремін деп қорқытты

Лаңкестік ұйым ұшқыш пен журналисті өлтіремін деп қорқытты.


Кобани (Айн әл Араб) ауданын жермен-жексен қылған террор ұйымы ИШИМ жеңілістен кейін халықаралық коалицияға құқай көрсетуін жалғастыруда.


Ұйым тағы бір видео жариялап, қолындағы иорданиялық ұшқыш пен жапон журналисті 24 сағат ішінде өлтіретінін білдірді.


Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ бұл мәлімдемені ашық лаңкестік деп атады.


Террор ұйымы иорданиялық ұшқыш және жапон журналистің орнына Иорданияда террор қылмысымен тұтқындаулы Ирак азаматы Саджиде әр Ришавидің еркін жіберілуін талап етті.


Ұйым бұдан бұрын Жапония үкіметінен 72 сағат ішінде 200 миллион доллар ақша сұрап, бермеген жағдайда екі азаматты өлтіреміз деп білдірген болатын. Мерзім біткеннен кейін бір жапонды өлтіріп еді.


Иордания болса тұтқындаулы террористі еркін жіберуге дайын екенін хабарлады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар