Түркия Украина мен Жапонияға көңіл айтты

Сыртқы істер министрлігі Украина мен Жапонияға көңіл айту хатын жіберді.

197287
Түркия Украина мен Жапонияға көңіл айтты

Сыртқы істер министрлігі Украинаның Мариуполь қаласындағы зымыран шабуылы кесірінен қаза тапқан 30 адам жөнінде көңіл айту хатын жіберді.
Хатта «Жасалған шабуылды қатал түрде айыптаймыз. Украина халқына көңіл айта отырып, жараланғандарға шипа тілейміз» делінді.
Атыстың тоқтатылуы жөнінде үндеу тасталған хатта Түркияның жай халықты нысанаға алған мұндай шабуылдардың қайталанбауы үшін түбегейлі бейбітшілікті жалғасты қолдайтыны баяндалды.
Сыртқы істер министрлігі ИШИМ террор ұйымының қолында кепілдікке алынған екі Жапония азаматының біреуінің өлтірілуіне орай жарияланған көңіл айту хатында да «Мұндай жауыздық лаңкестікті қатал түрде айыптаймыз» деген сөздерге орын берілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар