Путин Саргсянға көңіл айтты

Орыстың бір әскері Арменияда 6 адамды пышақтап өлтірген.

189403
Путин Саргсянға көңіл айтты

Ресей президенті Владимир Путин мен Армения президенті Серж Саргсян телефонда сөйлесті.


Кремль сарайы Ақпарат орталығынан кеше жасалған жазбаша мәлімдемеде Путин мен Саргсянның телефондағы әңгімесінде Арменияның оңтүстігіндегі Гумру қаласында бір орыс әскер тарапынан 6 бейуаз азаматтың өлтірілу оқиғасын және одан кейін шыққан қақтығыстарды кеңескендері білдірілді.


Мәлімдемеде Путиннің Саргсянға оқиғаға байланысты көлемді тергеу ісі жүргізілетінін, қылмыстыларға қажетті жазасы берілетінін айтқаны және қаза тапқан азаматтар үшін көңіл айтқаны хабарланды.


Орыс армиясында міндет атқаратын Валери Пермяков 12 қаңтар күні екі қартты қыздары, ұлдары, келіндері және екі жасар немересімен бірге пышақтап өлтірген.


Осы оқиға ел көлемінде үлкен наразылық қозғап, Астана Ереванда 13 қаңтар күні ереуіл ұйымдастырылған.


Ереуілге шыққандар орыс әскери базасының жабылуын, орыс елшісінің елден шығарылуын сұраған болатын.

 

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар