Ресейдегі Сирия жиналысы 26-29 қаңтар күндерінде

Бұл туралы Михаил Богданов мәлім етті.

185208
Ресейдегі Сирия жиналысы 26-29 қаңтар күндерінде

Ресейдегі Сирия жиналысы 26-29 қаңтар күндерінде болады.


Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов Мәскеуде өтетін Сирия жиналысының 26-29 қаңтар аралығында болатынын хабарлады.


Кремль әкімшілігі желтоқсан айының басында Мәскеуде Сирия дағдарысының шешілуіне бағытталған, әкімшілік пен оппозиция қатысатын жиналыс өткізілуге ұсыныс берген болатын.

Жиналысқа әкімшілік және оппозициядан кімдердің қатысатыны әлі жарияланбады.


Сирия Оппозиция және төңкерісшіл күштер ұлттық коалициясының төрағасы Халид Ходжа өткен апта «Женева-1 негізінде өкілеттіктер уақытша әкімшілікке тапсырылмайынша Сирия әкімшілігімен үстелге отырмайтынын» айтқан болатын.


Ходжа оппозицияның ең үлкен қанаты Сирия Оппозиция және төңкерісшіл күштер ұлттық коалициясының Мәскеуде жоспарланған жиналысқа шақырылмағанын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар