Берлинде Ислам дұшпандығына қарсы шеру ұйымдастырылды

Германия президенті Йоахим Гаук пен Меркельде шеруге қатысты.

184589
Берлинде Ислам дұшпандығына қарсы шеру ұйымдастырылды

Түрік және мұсылман мекемелері тарапынан Берлинде тарихи Бранденбург қақпасы алдында шеріге шықты.
Шеруге Германия президенті Йоахим Гаук, канцлері Ангела Меркель және көптеген министр қатысты.
Радикалдық пен шетел дұшпандығына қарсы бірлік пен ынтымақтастық шақыруы тастаған Гаук «Бізді бөлшектегісі келгендерге рұқсат етпейміз» деді.
Германияның астанасы Берлинде түрік және мұсылман мекемелер шеру ұйымдастырды.
Мұсылман эмигранттар, түрік қоғамының өкілдері және неміс саясат қайраткерлері бейбітшілік және мейірімділік көрсету туралы ортақ шақыру тастады.
Германия канцлері Меркель болса «Бұл шеру Германияның мұсылмандардан бастап, барлық діни топтармен бірге бейбіт өмір сүргісі келгенін көрсетеді» деді.
Германия Мұсылмандар орталық кеңесі төрағасы Айман Майзек те нанымның тапталуына рұқсат бермейтіндерін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар