Пәкістанда шабуыл болған мектеп қайта ашылды

Пешавардағы мектепке шабуылда 150 түлек қаза тапқан болатын.

181677
Пәкістанда шабуыл болған мектеп қайта ашылды

Пәкістанда шабуыл жасалған мектеп қайта ашылды.


Пәкістанда Талибанның желтоқсан айында Пешаварда 150 оқушыны өлтірген мектептегі шабуылынан кейін мектеп бүгін қайтадан оқуды бастады.


Пәкістан Бас штаб төрағасы Рахил Шериф оқушыларды мектептің есігі алдында күтіп алды.
Қауіпсіздік шаралары көбейтілген мектепке журналистердің кіруіне рұқсат берілмеді.


Шабуылдан жаралы құтылған оқушылар мектепте қолдары ораулы келді.


Талибанның әскери киім киінген 7 сарбазы 16 желтоқсан күні армияға қарасты мектептегі оқушыларға оқ жаудырған болатын.


150 оқушыны өлтірген және 120 оқушыны жаралаған Талибан сарбаздары армия жасақтарымен қақтығыста өлген.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар