Мысырда Мурсидің орынбасары еркін жіберілді

Қамаудағы елбасы Мұхаммед Мурсидің орынбасары Халид Каззаз денсаулығы нашарлағаны себепті еркін жіберілді.

182351
Мысырда Мурсидің орынбасары еркін жіберілді

Мысырда төңкеріспен міндетінен алыстатылған елбасы Мұхаммед Мурсидің сыртқы істерге жауапты орынбасары Халид Каззаз денсаулығына байланысты бас прокурорлық тарапынан еркін жіберілді.
Каззаздың жанұясы берген мағлұматқа қарағанда Каззаз бас прокурорлық тарапынан еркін жіберілді.
Еркін жіберу шешімінің өткен айдың соңында қабылданғаны, Каззаздың ауруханадан шыққан соң кеше үйіне оралғаны атап көрсетілді.
Атын жасырған бір сот лауазымдысы Каззаздың қысқа уақыт бұрын денсаулығына байланысты мәлімдеме жасап, соттан еркін жіберілуі туралы сұраныс жасалғанын атап айтты.
Халид Каззаз Мысырда 2013 жылы 3 шілде күні сайлаумен билік басына келген елбасына қарсы жасалған әскери төңкеріспен көптеген Ихван ұйымы мүшесі сияқты тергеуге алынған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар