Барша әлем Париж лаңкестік шабуылын айыптады

Париждің Республика алаңына 35 мыңнан астам адам жиналды.

177043
Барша әлем Париж лаңкестік шабуылын айыптады

Францияның астанасы Парижде апталық журнал Charlie Hebdo-ның офисіне ұйымдастырылған шабуылдан кейін Францияда бір күндік аза жарияданды. Еуропаның көптеген қаласында шабуылға наразылық көрсеткен шеру ұйымдастырылды.
Лаңкестік болған Париждің Республика алаңына жиналған 35 мыңнан астам адам еркіндік туралы ұран санды. Шабуылда қаза тапқандарға аза тұтты.
Парижде 12 адамның өліміне себеп болған террор шабуылына қысқа уақыт ішінде халықаралық қоғамнан наразылық келді.
Ұлыбританияда адамдар көшеге шықты.
Алғашқы наразылық Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмероннан келді.
Кэмерон твидтер парақшасынан «Париждегі қастандықтар жүректі айнытады, террормен күресте француз халқымен біргеміз және баспасөз еркіндігін жақтаймыз» деді.
Бельгияның астанасы Брюссельде де Еуропа парламентінің алдындағы Люксембург алаңында үнсіз наразылыққа 1500 адам қатысты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар