«Ең ұзын соғыс аяқталып қалды»

Обама Ауғанстандағы соғыстың аяқталып қалғанын білдірді.

163764
«Ең ұзын соғыс аяқталып қалды»

Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама осылай деп мәлім етті.


Обама Ауғанстандағы АҚШ әскерлерінің «керемет пидақорлықтары» арқасында осы елдегі соғысу міндеттерінің аяқталғанын айтты.


«Америка тарихының ең ұзын соғысында нәтижеге жетіп қалдық» деді ол.


Обама тақырыпқа байланысты жазбаша мәлімдеме жариялады. Мәлімдемеде АҚШ президенті Америка армиясының қызметкерлеріне алғыс білдірді және осы соғыста қаза болған 2200 американдық әскерді еске алды.


Обама «Ауғанстан әлі қауіпті жер, ауған халқы мен қауіпсіздік күштері өз елдерін қорғау үшін үлкен жауапкершілік көрсетуі керек» деді.


Ауған үкіметінің шақыруымен АҚШ бұдан былай ауған әскерилеріне кеңесшілік қызметін жалғастырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар