AirAsia әуе жолдарына тиесілі ұшақ туралы мәлімдеме жасалды

Мәлімдемеге қарағанда жолаушы ұшағы Ява теңізінің астында болуы мүмкін.

163962
AirAsia әуе жолдарына тиесілі ұшақ туралы мәлімдеме жасалды

Индонезия Ұлттық іздеу құтқару агенттігі соңғы мағлұматтарға қарағанда жоғалған жолаушы ұшағының Ява теңізінің астында болуы мүмкін екенін білдірді.
Индонезияның Сурабая Аралынан Сингапурға қарай бет алған ұшақпен 42 минуттан кейін байланыс үзілген болатын.
Ұшақта 155 жолаушы мен 7 экипажбарлығы 162 адам бар болатын.
Басқа жағынан ұшақты табу үшін Индонезия, Малайзия және Сингапурға қоса Австралия мен Қытай да іздеу құтқару жұмыстарына қосылды.
Қытай іздеу құтқару жұмыстары үшін Индонезия әкімшілігіне ұшақ пен кеме жібере алатынын білдірді.
Апаттың артынан Air Asia әуекомпаниясының биржадағы акцияларының да 7 пайыз құнын жоғалтқаны атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар