Индонезия Қатынас министрі мәлімдеме жасады

Airbus A320-200 жолаушы ұшағы үшін үш ел іздеу құтқару тобы жіберді.

163177
Индонезия Қатынас министрі мәлімдеме жасады

Индонезиядан Сингапурға бет алған Air Asia ұшағы байланысын үзді.
Жолаушы ұшағында 162 адам бар болатын.
Air Asia әуекомпаниясы жолаушы ұшағының Сурабая Аралынан Сингапурға ұшып жатқанын білдірді.
Индонезия Қатынас министрі Airbus A320-200 лайнерінің бортында 155 жолаушы мен 7 экипаж бар екені білдірілді.
3 жолаушының Оңтүстік Корея, біреуінің Сингапур біреуінің Малайзия, біреуінің де ағылшын екені білдірілді.
Airbus A320-200 жолаушы ұшағындағы жолаушылар арасында 16 бала мен 1 нәрестенің де бар екені атап көрсетілді.
Индонезия Қатынас министрлігі лауазымдылары ұшақпен байланыстың Ява мен Калимантан аралдары арасындағы мұхиттың үстінде үзілгенін, байланыс үзілмей тұрғанда ұшқыштың қалыптан тыс ұшу бағдары талап еткенін мәлімдеді.
Байланыс үзілген жолаушы ұшағын іздеу құтқару жұмыстарының басталғаны атап көрсетілді.
Аман қалғандарды іздестіру үшін Индонезия, Малайзия және Сингапурдан барған іздеу құтқару топтары жұмыстарын жалғастыруда.
Индонезия Қатынас министрі Игнасюс Йонан ұшақтың жағалауға жуық бір аймаққа құлауының мүмкін екенін білдірді.
Ұшақтан кезкелген құтқару сигналы алынбағаны, ұшақпен байланыстың 42 минуттың артынан үзілгені атап көрсетілді.
Сурабая әуежайына жиналған жолаушылардың жақын-жұрағаты ақпарат алу үшін күтуде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар