Босния-Герцеговинада топтық мазар табылды

Сараево маңындағы Хажичи аймағында табылған топтық мазарда кеше тағы бес мәйіт шығарылды.

143072
Босния-Герцеговинада топтық мазар табылды

Босния-Герцеговина Жоғалған адамдар институты баспасөз мәлімдемешісі Ләйла Ченгич Анатолы агенттігіне жасаған мәлімдемеде топтық мазардан шығарылған мәйіттердің кімдікі екенін анықтау үшін Високо қаласындағы аутопсия мен куәлік анықтау орталығына апарылғандарын атап көрсетті.
Мәйіттердің Босния-Герцеговинадағы соғыста (1992-1995) өлтірілген босниялықтарға тиесілі екенін болжағандарын атап айтқан Ченгич топтық мазардан шығарылған бес мәйіттің екеуінің әйел, үшеуінің болса еркек екенін мәлімдеді.
Ченгич Босния-Герцеговина сотының бұйрығымен Босния-Герцеговина прокурорлығы бақылауында жүргізілген қазба жұмыстарының бүгін де жалғасатынын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар