Нигерияда Боко Харам террор ұйымы тағы қырғын жасады

Борно уәлаятына жасалған шабуылда ондаған адам қаза тапты.

210026
Нигерияда Боко Харам террор ұйымы тағы қырғын жасады

Нигерияның солтүстігіндегі Борно уәлаятында Боко Харам ұйымына қарасты террористтер жасаған шабуылда ондаған адам қаза тапты.
Куәгерлер 30-дан астам Боко Харам мүшесінің сенбі күні түнде Борно уәлаятының Оңтүстік Шани ауданына шабуыл ұйымдастырғанын, шабуылда ондаған адамның қаза тапқанын айтты. Террористтердің аудандағы үйлерді өртегені де атап көрсетілді.
Полиция Шаниде жасалған шабуылды растап, ұйым мүшелерінің бір полиция бөлімшесін және мекеме ғимаратын өртегенін білдірді.
Боко Харам ұйымының мүшелері елдің солтүстігінде тек қана қараша айында жасаған шабуылдарында 300-ден астам адамның қаза тапқанын атап көрсетті.
Нигерияның солтүстік батысындағы Борно, Ийобе және Адамава уәлаяттарында 5 жылдан бері шабуылдар жасаған Боко Харамның соңғы 6 айдағы шабуылдарында қауіпсіздік қызметкерлеріне қоса 2 мыңнан астам адам қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар