АҚШ Ауғанстандағы әскер санын арттырады

AҚШ 2015 жылы Ауғанстан армиясын жаттықтыратын әскери қызметкер санын арттырады.

206287
АҚШ Ауғанстандағы әскер санын арттырады

Ауғанстанда 2001 жылдан бері қызмет еткен және бір кездері саны 130 мыңға дейін жеткен Халықаралық Қауіпсіздік қолдау күші ISAF-тың қызмет мерзімі биылдың аяғында аяқталады.
Елде ауған армиясын жаттықтыратын 12 мың адамнан тұратын НАТО күшінен басқа әскер қалмайды.
Осы санының 9 мың 800-і АҚШ әскерлері қалған 2 мың 200 әскерді болса басқа НАТО елдері құрайды.
Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама мамыр айында жасаған мәлімдемеде 2015 жылы ортасында АҚШ әскерінің санын жартылай азайтатынын және 2016 жылдың аяғына дейін АҚШ әскерлерінің толығымен елден шегінетінін атап көрсеткен болатын.
Елде қауіпсіздікті қамтамасыз еткен ауған армиясы мен полиция болса, Талибан және Әл-каидамен күресте жеткіліксіз.
2014 жылғы шабуылдарда 4 мың 600 ауған қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.
АҚШ аймақтағы қажеттілікті толтыру үшін бірнеше мың әскер жіберуді жоспарлайды.
АҚШ-тың қосымша әскерлері Ауғанстанда қоныстанады және ауған армиясын жаттықтыратын 12 мың адамнан тұратын НАТО күші құрамында қызмет атқарады.
Әскер санының бұрын жоспарланған көрсеткіштен бірнеше мың көп болатыны атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар