Владимир Путин Абхазия президентімен бас қосады

Путин тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

203869
Владимир Путин Абхазия президентімен бас қосады

Ресей президенті Владимир Путиннің Грузиядан бір жақты тәуелсіздігін жариялаған Абхазия президенті Раул Хажимбамен бас қосатыны білдірілді.
Кремль баспасөз орталығынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Путиннің шақыруымен Сочи қаласында өтетін кездесуде екі жақты және аймақтық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық шаралары қолға алынатыны атап көрсетілді.
Кездесуде Ресей мен бөлшектенуші Абхазия Республикасы арасында «одақтастық пен стратегиялық ортақтық» келісіміне қол қойылуы жоспарланады.
Грузияда болса келісімге наразылықтар жалғасуда.
Грузия Сыртқы істер министрлігі тарапынан жасалған мәлімдемеде Абхазияның Грузияның бөлшектенбейтін бөлігі екені аталып, аталмыш келісімге қол қойылуына алаңдағандарын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар